Синоптиктер Қазақстанда 10-12 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады) түседі, оңтүстікте жаңбыр жауады, жел күшейеді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
“Батыс өңірлердегі ауа температурасы түнде 5 аяз – 7 жылыға дейін, күндіз 5-18 жылыға дейін, солтүстік-батыс, солтүстік және орталықта түнде 5 аяз – 5 жылыға дейін, күндіз 5-13 жылыға дейін төмендеуі күтіледі”, – делінген хабарламада.