Басты бетБас тақырып

Бас тақырып

ТЖД алматылықтарға жер сілкінісі туралы SMS неліктен алдын ала келмегенін түсіндірді

ТЖД алматылықтарға жер сілкінісі туралы SMS неліктен алдын ала келмегенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. "Хабарламаларды жедел жіберу кезінде, тәжірибе көрсеткендей, хабарламалар бойынша мәліметтер тұрғындарға кеш келеді. Себебі халықтың тығыздығы үлкен. Ұялы желі операторларының бұл ақпаратты өңдеп үлгермейді. Тиісінше жедел ақпарат кеш келеді", -...

Алматыда жер сілкінісі кезінде сирена не үшін қосылмаған?

Алматы ТЖД жер сілкінісі кезінде сирена не үшін қосылмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. "Жер сілкінісі болған кезде оны анықтайтын станциялар 5 балдан асса ғана сиреналар қосылады. Себебі 6 балдан бастап зардап шеккендер де, бұзылған ғимараттар да болуы мүмкін", - дейді ТЖД басшысы.  

Қазақстанда уақыт белдеуін өзгертуге қатысты соңғы шешім қабылданды

Сауда және интеграция министрлігі бірыңғай сағат белдеуіне көшу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрлік мәліметінше, "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілген. "Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының...

«Қазақта ажалы келген деген сөз бар»: министр Жетісу облысындағы сарбаздың өлімі туралы

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Жетісу облысында қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Қайғылы оқиға Жаркентте болған. БАҚ мәліметінше, Әмір Байтұрғанов атты сарбаз әскерде менингит ауруынан көз жұмған. Ол былтыр күзде әскерге шақырылған. "Сарбаздың отбасына көңіл айтамын. Ол менингит ауруынан көз...

Миссияны орындауға барамыз — министр бітімгершілік күштерін жіберу туралы

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қазақстандық бітімгершілік күштері бағытының егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бүгінде алғаш рет БҰҰ-ның бізге тәуелсіз миссия беруіне қолжеткіздік. Біз өз туымыз астында миссияны орындауға барамыз. Бұл ең маңыздысы. Екіншіден: бізге ұсынылатын міндеттер – аумақты патрульдеу, коменданттық қызметті атқару. Рота резервте...

Үкімет отставкаға кете ме? Парламенттің бірлескен отырысында қандай мәселе қаралатыны белгілі болды

Сенатор Ақмарал Әлназарова ертең, 19 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында қандай мәселе қаралатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Оның айтуынша, бірлескен отырыста Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік операциясына әскерін жіберуі мүмкін. "Парламенттің құзыретіне Конституциямен бекітілген бірнеше функция бар. Соның бірі Қазақстанның алған міндеттемелері аясында бейбітшілік миссияларды орындау...