Сауда және интеграция министрлігі бірыңғай сағат белдеуіне көшу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министрлік мәліметінше, "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілген.
"Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының...
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Жетісу облысында қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға Жаркентте болған. БАҚ мәліметінше, Әмір Байтұрғанов атты сарбаз әскерде менингит ауруынан көз жұмған. Ол былтыр күзде әскерге шақырылған.
"Сарбаздың отбасына көңіл айтамын. Ол менингит ауруынан көз...
ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қазақстандық бітімгершілік күштері бағытының егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгінде алғаш рет БҰҰ-ның бізге тәуелсіз миссия беруіне қолжеткіздік. Біз өз туымыз астында миссияны орындауға барамыз. Бұл ең маңыздысы. Екіншіден: бізге ұсынылатын міндеттер – аумақты патрульдеу, коменданттық қызметті атқару. Рота резервте...
Сенатор Ақмарал Әлназарова ертең, 19 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында қандай мәселе қаралатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бірлескен отырыста Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік операциясына әскерін жіберуі мүмкін.
"Парламенттің құзыретіне Конституциямен бекітілген бірнеше функция бар. Соның бірі Қазақстанның алған міндеттемелері аясында бейбітшілік миссияларды орындау...
Енді шетелдік нөмірлі көлігін заңдастыруға үлгермеген жүргізушілер жалпы шарттар бойынша тіркелуі керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, заңдастыру аясында Қазақстанда 304 мыңнан аса автокөлік тіркелсе, оның 21 мыңы автоконструкторлар, 55 мың автокөлік уақытша тіркеуге қойылған.
"Заңдастырылмаған шетелдік көліктерге келетін болсақ, олар техникалық және экологиялық талаптарға сай...
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрлік мәліметінше, 2023 жылы республикалық бюджеттен 2,3 миллион адамға 3,3 триллион теңгеден астам сома зейнетақы берілген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 трлн 16,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге...