«Анти-фрод» Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңір имамдарымен профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шара Қожа Ахмет Ясауи атындағы республикалық Ислам біліктілікті арттыру институтының базасында өтті. Кездесуге облыстың 50-ге жуық имамы қатысып, оларға құқықтық сауаттылықты арттыру, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шаралары, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың негізгі түрлері мен схемалары түсіндірілді.
Полицейлер барлық азаматтарды қырағы болуға, күдікті қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеуге, сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады. Интернет-алаяқтық саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта жүйелі негізде жалғасатын болады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

