Басты бетЖаңалықтарЖаңа Конституция ел тірегі

Жаңа Конституция ел тірегі

      Бүгін баршаңыз тарихымыздағы аса маңызды, мән-мағынасы айрықша, ел өмірінде өшпес із қалдыратын оқиғаның куәсі болдыңыздар деді мемлекет басшысы. Президент бүкіл халық атынан Ата заңымызға қол қойды. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа да қол қойды.Енді Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енетіндігін және Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетіндігіне тоқталды. Еліміздің барша халқына Ата заңымыз құтты болсын дей отырып, Конституция – мемлекетіміздің ұзақ мерзімді мақсат-мұратын айқындайтын, ұлтымыздың келешек тағдырына тікелей әсер ететін тарихи құжат екендігін жиылған қауымға паш етті.

       Бұл – шын мәнінде Халық Конституциясы. Оның жобасы шамамен екі жыл бұрын пысықтала бастады. Кейін мұқият талқыланып, зерделеніп жазылды. Конституциямыз – табанды ұжымдық еңбектің нәтижесінде қабылданды. .Біз бүгін бір ел болып ұлт жылнамасының жаңа межесіне өттік, түбегейлі өзгерістердің сапасы және мазмұны ерекше бірегей кезеңіне аяқ бастық және кеше ғана елімізде жалпыхалықтық референдум ойдағыдай өтті.

        Оған жұртшылық жаппай белсене қатысты және азаматтарымыз өз таңдауын жасады, халқымыз бір кісідей жаңару мен жаңғыру жолын жақтап дауыс берді. Сол үшін мемлекет тағдырына бей-жай қарамай, дауыс беру науқанына атсалысқан барша азаматқа зор алғыс айтамын!-деді Президент Сондай-ақ ол референдумға қатысу – әр азамат үшін ел дамуына үлес қосуға берілген бірегей мүмкіндік екенін жеткізді. Мемлекет басшысы референдумға қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіріп, әсіресе жастардың белсенділігін ерекше атап өтті.

        Оның сөзінше, жас буын ел тарихында өз ізін қалдырып, жаңа Конституцияның авторларының біріне айналды.»Қазақстанның бүгіні мен келешегі – жастардың қолында. Бұл – ұран емес, мемлекеттік саясаттың өзегі», – деді Президент.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев референдумның сәтті өтуіне байланысты шет мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен құттықтаулар келіп жатқанын айтып, қолдау білдірген әріптестеріне ризашылығын жеткізді.

Н.С. Джетибаев

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

кеден, қаржы және экологиялық

құқық кафедрасының аға оқытушысы,

заң ғылымдарының кандидаты

Куаналиева Г.А.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі

Заң ғылымдарының докторы, профессор

Соңғы мақалалар

Оқуға