spot_img
-3.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарҚылмыстық Кодекске енгізілген өзгертулер мен толықтырулар

Қылмыстық Кодекске енгізілген өзгертулер мен толықтырулар

2025 жылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Аталған Заң қылмыстық-құқықтық саланы жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында қабылданды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміне бес жаңа бап енгізілді:
•115-1-бап – «Сталкинг»
Жеке тұлғаны қудалау, аңду, хабарламалар арқылы мазалау, психологиялық қысым көрсету әрекеттері үшін жауапкершілік белгіленді.
•125-1-бап – «Неке қиюға мәжбүрлеу»
Адамды еркінен тыс некеге тұруға немесе бірге тұруға мәжбүрлеу әрекеттері қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды.
•232-1-бап – «Дропперство»
Бөтен тұлғалар атынан банк карталарын, шоттарды, аккаунттарды ашу арқылы жасалатын алаяқтық және заңсыз әрекеттерге қарсы бағытталған.
•339-1-бап – «Сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін немесе олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз айналымға енгізу»
Табиғат пен биоалуантүрлілікті қорғау мақсатында заңсыз айналымға тыйым салынды.
•352-1-бап – «Әуе кемесін басқаруға кедергі келтіру»
Әуе көлігі қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылды.
Бұл өзгерістер қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және заманауи қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған.

Н. Рысқұл,
Тараз қаласы N2 сотының судьясы

Соңғы мақалалар

Оқуға