Алматыда 24 шілдеде сағат 10:00-де сиреналар қосылды, — деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.
Алматылықтардың смартфонына хабарлама келді. Бұған дейін Алматы қалалық ТЖД «Жер-2025» республикалық оқу-жаттығуы аясында қалада дабыл беру жүйесі тексерілетінін хабарлаған болатын. Алматылықтардан сабыр сақтап, қауіпсіз орындарға эвакуациялану сұралды. Қауіпсіз орын ретінде электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс ашық алаң есептеледі.

