spot_img
19 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарНаурызбай ауданының демалыс орталықтарында тәрбиеленіп жүрген елу бала Көлсай көлінде демалды

Наурызбай ауданының демалыс орталықтарында тәрбиеленіп жүрген елу бала Көлсай көлінде демалды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен

Наурызбай ауданының демалыс орталықтары Көлсайға саяхат жасады

2025 жылдың 12 шілдесінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Наурызбай ауданының демалыс орталықтарында тәрбиеленіп жүрген балалар үшін Көлсай көліне экскурсия ұйымдастырылды.

Саяхатқа 50 бала жетекшілерімен бірге қатысып, табиғат аясында пайдалы әрі әсерлі демалыс өткізді. Балалар Көлсай көлінің ерекше табиғатымен, таулы аймақтың көркем көріністерімен танысты. Серуен барысында ұйымдастырушылар тарапынан балаларға тағам мен сусын ұсынылып, толыққанды демалыс қамтамасыз етілді.

Экскурсия балалардың табиғатты тануға қызығушылығын арттырып қана қоймай, олар үшін жаңа әсерлер мен ұмытылмас естеліктер сыйлады. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің тұлғалық және танымдық дамуына оң ықпал етеді.

Соңғы мақалалар

Оқуға