spot_img
22 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАлматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources...

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен

2025 жылғы 1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай «Jetisu Fest» «Jetisu Fest» атты ауқымды мерекелік іс-шара өткізілді. Шара Жетісу ауданындағы көпшілік демалатын орындардың бірі – «Құлагер» арбатында ұйымдастырылды. Іс-шараға Жетісу ауданындағы балаларға арналған демалыс орталықтарының тәрбиеленушілері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Балалар ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сондай-ақ балалардың шығармашылық дамуына үлес қосып жүрген демалыс орталықтарының жетекшілері мен мұғалімдері Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Данияр Әлкебайұлыныңатынан алғыс хаттармен марапатталды.

Шара барысында түрлі конкурстар мен ойындар ұйымдастырылып, балалар мен ата-аналарға арналған мерекелік көңіл күй қалыптасты.

«Jetisu Fest» балалар мен ата-аналарға қуаныш сыйлаған, өнер мен тәрбиені ұштастырған жарқын мәдени шара болды.

Соңғы мақалалар

Оқуға