spot_img
22 C
Алматы
Басты бетБез рубрикиПолиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінің мәжіліс залында апталық жұмысты қорытындылау мақсатында кеңес өткізілді. Жиынға департамент бастығының міндетін атқарушы Құрманбек Сахов төрағалық етті. Шараға салалық басқарма (бөлім) және қалалық, аудандық полиция басшылары, олардың орынбасарлары, бөлімше басшылары мен топ жетекшілері қатысты.
Күн тәртібінде облыс көлеміндегі апталық жедел жағдайдың ахуалы, оның ішінде мал ұрлығы қылмысы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруде мерзімі бұзылған істердің жай-күйі, республикалық «Қауіпсіз жол» іс-шарасының қорытындысы туралы баяндамалар тыңдалып, атқарылған жұмыстар сараланды.
Мәселен есептік мерзімде қалалық және аудандық құрылымдармен – 9 357 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, оның 6931-і жол қауіпсіздігі бойынша. Бейнебақылау камераларымен анықталған құқық бұзушылықтардың жалпы саны – 2099.
Шара соңында полиция полковнигі Қ.Сахов, жол апаттарының алдын алу мен болдырмау мақсатында тиімді ұсыныстар әзірлеу, мал ұрлығы, алаяқтық, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін профилактикалық және рейдтік шараларды күшейтуді міндеттеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға