spot_img
16 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарМойынқұмда Балаларды қорғау күніне орай ата-аналар мен оқушыларға арналған тағылымды шаралар өтті

Мойынқұмда Балаларды қорғау күніне орай ата-аналар мен оқушыларға арналған тағылымды шаралар өтті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Мойынқұм ауданының білім бөліміне қарасты барлық мектептерде «Әкем – тірегім, анам – жүрегім!» атты тақырыпта түрлі мазмұнды шаралар ұйымдастырылды.

Аталған іс-шаралардың мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін нығайту және жас ұрпақтың бойында мейірімділік пен құрмет сезімдерін қалыптастыру болды.

Мерекелік апта аясында оқушылар ата-аналарына арнап әсерлі видеороликтер түсіріп, өздерінің жылы лебіздері мен алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, мектептерде ата-аналармен кездесу жиындары өткізіліп, баланың тәрбиесі мен дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Жиын барысында ата-аналар мен ұстаздар арасында ашық пікір алмасу орнап, болашақ ұрпақ тәрбиесіне қатысты тың идеялар ұсынылды.

Бұдан бөлек, мұғалімдер мен психологтардың қатысуымен семинарлар ұйымдастырылып, отбасылық қарым-қатынасты нығайтудың тиімді жолдары қарастырылды. Шара барысында тәжірибелі мамандар бала тәрбиесіне қатысты пайдалы кеңестер беріп, ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

Мойынқұм ауданы мектептерінде өткен бұл бастамалар балалардың мерекесін мәнді де мазмұнды етіп қана қоймай, отбасы мен мектеп арасындағы байланысты одан әрі нығайта түсті.

Соңғы мақалалар

Оқуға