spot_img
8 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді. Мәселен балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 29 ата-ана жауапқа тартылды. Түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың болуына жол берген 18 кәсіпкерге айыппұл салынды. Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде болған 32 жасөспірім анықталды. Ал сағат 23:00-ден кейін тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 302 жасөспірімнің ата-анасына ескерту берілді. Профилактикалық есепке 29 кәмелетке толмаған мен ата-ана міндетін орындамаған 22 ата-ана қойылды. Жалпы 2025 жылдың 3 айында жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 27,8%-ға төмендеген. Білім беру мекемелерінде әлімжеттіліктің алдын алу мақсатында анонимді сауалнама алынды. Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру үшін лекциялар оқылып, бейнероликтер көрсетілді.
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу – жүйелі тәсілді қажет ететін маңызды мәселе. Бұл бағытта полиция, ата-ана, мектеп пен қоғамды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға