Қазақ спорт және туризм академиясында 2025 жылғы 10-11 сәуір аралығында «Дене шынықтыру, спорт, туризм, білім және ғылымды дамытудың басым ғылыми-педагогикалық бағыттары» атты III Халықаралық Форум өтті.
Форумға дене шынықтыру және спорт саласындағы жетекші ғалымдар; жоғары оқу орындарының оқытушылары мен жас ғалымдары, магистранттар мен докторанттар; білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері мен педагогтары; туристік қызметтер саласындағы мамандар қатысты. Форумның қонақтары ретінде халықаралық жетекші ғалымдар, зерттеушілер, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының өкілдері баяндама жасады.
Форум аясында бірыңғай мақсатпен байланысты 5 түрлі іс-шара өтті:
1. «Қазақстандағы педагогикалық ғылым. Шешу жолдары: даму перспективалары»ҚР Ұлттық Ғылым академиясының жас ғалымдар кеңесі мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел.
2. «Қазақстанда тұрақты және белсенді туризмді дамытудың инновациялық тәсілдері: цифрландыру, инклюзия және кадрлық әлеует» атты тақырыбында туризм саласындағы мамандардың, жас ғалымдардың, қызметкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел.
3. Шақырылған қонақпен Брейн-ринг – Байтурсынов Серик Самуратович, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, КСРО ағарту үздігі, ҚазКСР ағарту үздігі.
4. «Қонақжайлылық шебері» байқауы. Стартаптар байқауы.
5. «Дене шынықтыру, спорт, туризм және білім беру тәжірибесінің өзекті мәселелері» атты ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
Сонымен қатар, ғалымдарды ынталандыру және қолдау шеңберінде 2024 жылдан бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ҚазСТА ректорының грантына жыл сайынғы конкурс жарияланды. Осы форум аясында 2025 жылғы байқау жеңімпаздары марапатталды.
Ғылыми қызмет нәтижелері бойынша өткен жылы ПОҚ және осы бағыттағы көшбасшы кафедралардың номинациялары мен Құрмет грамоталарымен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды, олар ҒжЖБССҚЕК, Scopus базаларына кіретін журналдарда кафедралардың ПОҚ жарияланымдары, монографиялар саны бойынша және т. б. бағаланды.
Форум жұмысының қорытындысы бойынша “Дене шынықтыру, спорт, туризм және білім беру практикасының өзекті мәселелері” атты ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары атты дербес басылым жарияланады.