Алматы қаласындағы Жетісу-2 комьюнити орталығының белсенділері Қайырымдылық күніне орай әлеуметтік жағынан осал санаттағы отбасыларға қолдау көрсетіп, азық-түлік себеттерін таратты.
Бұл бастама қоғамда жанашырлық пен өзара қолдауды нығайтуға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық – халқымыздың ізгі дәстүрлерінің бірі, ал мұқтаж жандарға көмек көрсету – ортақ игілікке қосылған үлес.
Қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын тауып, көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетілмек.