Жетісу аудандық комьюнити орталығында ҚазҰАЗУ студенттерімен бірлесіп, поэзия мен музыка тоғысқан ерекше әдеби сазды кеш өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау, белгілі ақын-жазушылардың шығармашылығын кеңінен таныстыру және көркем сөз өнеріне деген қызығушылықты арттыру. Кеш барысында студенттер мен жас ақындар өз өлеңдерін оқып, музыкалық қойылымдар ұсынып, әдебиет пен өнердің бірегей үйлесімін көрсетті.
Мәдени шара қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, шабыт сыйлады. Осындай кештер алдағы уақытта да жалғасын тауып, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.