spot_img
-6.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАлматыда студенттік жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсенің қоғамдық тыңдалымы өтті

Алматыда студенттік жатақханалар салу бойынша жобалық кеңсенің қоғамдық тыңдалымы өтті

2025 жылдың 20 ақпан күні Алматыда “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының алаңында студенттік жатақханалар құрылысы жөніндегі Жобалық кеңсенің 2024 жылғы жұмысының қорытындылары мен 2025 жылға арналған жоспарлары талқыланды. Оған “Атамекен”, Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы, “Қаржы орталығы” АҚ, жетекші жоғары оқу орындарының (ҚазҰУ, ҚазНАИУ) өкілдері және инвесторлар қатысты.

Талқыланған негізгі мәселелер:

  • 2024 жылы жатақханалардың құрылысы мен пайдалануға берілуінің қорытындылары.
  • 2025 жылы инфрақұрылымды кеңейту жоспарлары.
  • Студенттерге жайлы өмір сүру жағдайларын жақсарту.
  • Кәсіпкерлер мен инвесторлармен өзара іс-қимыл.
  • Жобалық кеңсе кездескен мәселелер мен оларды шешу жолдары.

Алматы – Қазақстандағы ең ірі студенттік орталық, мұнда 35 ЖОО және 199 мың студент бар, олардың 124 мыңы – басқа қалалардан келгендер. Қалада 126 жатақхана жұмыс істейді, олар 40,3 мың орын ұсынады. 2024 жылы 4 304 орынға арналған 16 жаңа нысан іске қосылды. 2025 жылы 8 977 орындық 13 жатақхананың, ал 2026 жылы 27 098 орынға арналған 26 жатақхананың ашылуы жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, жатақхана құрылысын тиімді үйлестіру үшін студенттік жатақханалар құрылысы бойынша жобалық кеңсе жұмыс істеп тұр. Жобалық кеңсенің негізгі міндеті Алматы қаласында жатақханалар құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыру және студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау. Жобалық кеңсе ашылғаннан бастап 120 әлеуетті инвестор жүгінген.

Анықтама үшін: +77015282837 – студенттік жатақхана құрылысы бойынша жобалық кеңсенің басшысы Дамир Кутумов.

Соңғы мақалалар

Оқуға