Қонаев қаласында қамысты орып, шеткі аудандарды қоқыстан тазартуға аса көңіл бөлінуде.
Сенбі күні әкімдіктің барлық мемлекеттік қызметшілері, коммуналдық қызмет көрсетуші компания мамандары, еріктілер «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілікке шықты. Шараға 80-нен астам адам қатысты. Олар Арна шағынауданында қамысты орды.
Жалпы күнделікті қамысты орумен «Жасыл қала Қонаев» ШЖҚ МКК айналысуда.
Айта кетейік, қаладан күніне 5-7 текше метр қоқыс шығарылуда. Сондай-ақ тұрғындардан тазалық мәдениетін сақтауға, белгіленбеген орынға қоқыс тастамауды сұраймыз.
Статистикаға сүйенсек, жыл басынан Қонаев полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сай, 133 тұлғаға қатысты хаттама толтырып, 10 адамға 589 800 тг көлемінде айыппұл салған. Бұдан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабына (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) сәйкес, 43 адамға 1 135 480 тг. айыппұл салынған.
«Чистый Казахстан»: в Конаеве скошено 7,6 гектара камыша
В Конаеве продолжается работа по очистке окраинных районов и скашиванию камыша. В субботу в рамках программы «Чистый Казахстан» состоялся массовый субботник, в котором приняли участие сотрудники акимата, коммунальных служб и волонтеры. В акции задействовали более 80 человек, основная работа велась в микрорайоне Арна.
Постоянным скашиванием камыша в городе занимается коммунальное предприятие «Жасыл қала Қонаев».
Ежедневно из Конаева вывозится 5–7 кубометров мусора. Также призываем горожан соблюдать чистоту и не выбрасывать отходы в несанкционированных местах.
С начала года полиция Конаева составила 133 административных протокола за нарушение правил благоустройства (статья 505 КоАП РК). В результате 10 человек оштрафованы на 589 800 тенге.
Кроме того, за загрязнение мест общего пользования (статья 434-2 КоАП РК) к административной ответственности привлечены 43 человека, которым назначены штрафы на общую сумму 1 135 480 тенге.