spot_img
-14.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтар«Жайлы мектеп» Ұлттық жобаны іске асыру бойынша ақпарат

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобаны іске асыру бойынша ақпарат

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде Алматы облысының 5 ауданында24 900 окушыға арналған 26 мектептің құрылысы жүргізілуде (Еңбекшіқазақ – 4, Жамбыл – 3, Іле  – 4, Қарасай – 8, Талғар ауданы-7).

Осы мақсаттар үшін 2023-2025 жылдарға республикалық бюджеттен 181,6 млрд.теңге қарастырылды (2023 ж. – 59,2 млрд. теңге, 2024 ж. – 63,7 млрд.теңге, 2025 ж. – 58,6 млрд.теңге).

2024 жылы 11 100 орындық 9 мектеп (Қарасай ауданының Қошмамбет, Елтай, Долан, Көкөзек, Кемертоған ауылдары мен Қаскелен қаласы, Іле ауданының Еңбек ауылы, Жамбыл ауданының Ұзынағаш, Қарғалы ауылдары) қолданысқа беріліп, жұмысын бастады.

Айтарлықтай, берілген мектептерде интерактивті тақталарды, мультимедиялық құралдар мен цифрлық зертханаларды қоса алғанда, заманауи мектеп жабдықтары енгізілген, сондай-ақ, берілген мектептер мен өзге мектептердің құрылысы үш ауысымда оқитын мектептер санын 53 – тен 32-ге дейін азайтуға мүмкіндік берді.

Анықтама: Облыс балансына беруге және лицензия алуға қатысты

  • Қарасай ауданының Елтай ауылы мен Алатау қаласындағы 2 мектеп облыс балансына қабылданды және лицензия алу бойынша дайындық рәсімдері басталды;
  • Қалған 7 мектеп бойынша нақты орындалған жұмыстарды тексеру және қабылдау аяқталуда, кейіннен облыс балансына берілетін болады.

9 жаңа мектептерде (8 мектептің оқыту тілі – қазақ тілінде, 1 мектеп аралас тілде) бүгінгі күні 10 921 оқушы білім алуда және                      812 педагог (390 педагог ауысу арқылы, 422 педагог конкурс арқылы) және 394 техникалық қызметкерлер жұмысқа қабылданды.

  1. Қарасай ауданы, Қошмамбет ауылындағы 1200 орындық ЖМ (оқыту тілі қазақ тілінде) – 1019 оқушы қабылданды;
  2. Қарасай ауданы, Елтай ауылындағы 1200 орындық ЖМ (оқыту тілі қазақ тілінде) – 1136 оқушы қабылданды;
  3. Қарасай ауданы, Долан ауылындағы 1200 орындық ЖМ (оқыту тілі аралас – оқыту тілі – қазақ тілінде – 917 оқушы, орыс тілінде – 164 оқушы) – 1081 оқушы қабылданды;
  4. Қарасай ауданы,Көкөзек ауылындағы 1500 орындық ЖМ (оқыту тілі қазақ тілінде) – 1765 оқушы қабылданды;
  5. Қарасай ауданы, Қаскелен қаласындағы 1500 орындық ЖМ (оқыту тілі қазақ тілінде) – 2065 оқушы қабылданды;
  6. Қарасай ауданы, Кемертоған ауылындағы 1500 орындық ЖМ (оқыту тілі қазақ тілінде) – 1563 оқушы қабылданды;
  7. Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылындағы 1500 орындық ЖМ (оқыту тілі қазақ тілінде) – 606 оқушы қабылданды;
  8. Жамбыл ауданы,Қарғалы ауылындағы 900 орындық №1 лицей мектебі (оқыту тілі қазақ тілінде) – 1356 оқушы қабылданды;
  9. Алатау қаласы, Еңбек ықшам ауданындағы 600 орындық ЖМ (оқыту тілі қазақ тілінде) – 247 оқушы қабылданды;

2025 жылы 17 нысанның құрылысы жүргізілуде (Еңбекшіқазақ – 4, Жамбыл – 1, Іле – 3, Қарасай – 2, Талғар – 7).

«Samruk-Kazyna Construction» Акционерлік Қоғамы ұсынған нысандарды іске қосу жоспарына сәйкес жаңа оқу жылы басталғанға дейін 17 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда:

30 сәуірге дейін 3 нысан (Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылы, Талғар ауданы Талдыбұлақ, Жаңалық ауылдары);

30 маусым дейін 1 нысан (Жамбыл ауданы Сарыбай би ауылы);

25 тамызға дейін 13 нысан (Талғар ауданы Көктал, Тұздыбастау, Қызыл Ту, Төңкеріс, Жалғамыс ауылдары, Іле ауданы Қоянқұс, Түймебаев, Тілендиев ауылдары, Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота, Сатай, Ащысай, Алмалы ауылдары, Қарасай ауданы Бұлақты ауылы).

17 мектепке инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізу және абаттандыру үшін 2025 жылға жергілікті бюджеттен                       2,9 млрд.теңге қаражат бөлінді.

Қазіргі уақытта 4 нысанда (Қарасай ауданының Бұлақты, Еңбекшіқазақ ауданының Алмалы, Талғар ауданының Талдыбұлақ, Жаңалық ауылдары) инженерлік-коммуникациялық желілер толық  жүргізілді, абаттандыру құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізілетін болады.

Қалған 13 нысанның инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізу жұмыстары жоспар бойынша орындалуда және белгіленген мерзімде қамтамасыз етіледі.

Соңғы мақалалар

Оқуға