spot_img
-11.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАлматыда жастарға арналған  демалыс орталықтар жаңғыртылуда

Алматыда жастарға арналған  демалыс орталықтар жаңғыртылуда

Алматы қаласындағы ең маңызды жастар жобаларының бірі – 100 демалыс орталықтарының қызметін ұйымдастыру. Олардың жұмысы жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуге және оларды әртүрлі үйірмелер мен секциялар арқылы микроаумақтарда, тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту мәселелерін шешуге бағытталған. Бүгінгі таңда 100 демалыс орталығының  базасында тұрақты және тегін негізде 300-ден астам үйірме мен секция жұмыс істейді.Аталмыш орталыққа баратын  14 пен 18 жас аралығындағы жастар құрайды. Бұл үйірмелер мен секциялардың жұмысы арқылы 12 000-нан астам жас, соның ішінде әлеуметтік осал топтардан шыққан жасөспірімдер мен жастар қамтылған.

Қазіргі уақытта демалыс орталықтар әлеуметтік осал топтардан шыққан жасөспірімдер мен жастар үшін тиімді әлеуметтік лифт болып отыр.  Орталықтардың тәрбиеленушілері қалалық, республикалық және халықаралық конкурстар мен жарыстарға белсенді қатысып, жақсы нәтижелер көрсетуде. Жыл сайын ДО базасында 1000-нан астам әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізіліп, 500-ден астам бала түрлі жарыстарға қатысады.

2023 жылы орталықтардың қызметін жаңғырту жұмыстары басталды. Жаңғыртудың алғашқы қадамдарының бірі инфрақұрылымды жақсарту болды. Биыл 34 демалыс орталығына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, керек жарақтары жаңартылып, 20-дан астам орталық жертөледен көшірілді. Кейбір нысандарда акустиканы жақсарту үшін дыбыс оқшаулау жүйелері орнатылды. Сонымен қатар, 2024 жылы аудан орталықтарында робототехника бойынша жаңа курстар іске қосылып, балалар мен жасөспірімдер арасында үлкен сұранысқа ие болды.

Биылғы жылы демалыс орталықтарын жаңғырту елеулі нәтижелер берді. Жайлы, заманауи жабдықтар жасөспірімдер мен жастарды үйірмелерге қатысуға қызығушылықтарынарттырды. Нәтижесінде, ДО-ға келушілер саны айтарлықтай артты. Егер 2023 жылы Алматы қаласындағы 100 ДО базасында 260 үйірме мен секция жұмыс істеп, шамамен 10 000 жас қамтылса, 2024 жылы олардың саны 300 үйірмеге дейін өсті. Бұл ұсынылатын іс-шаралар аясын кеңейтуге және жастардың қызығушылықтарын барынша қамтуға мүмкіндік берді. Сәйкесінше, қатысушылар саны да 12 000 адамға дейін артты. Бұл өзгерістер жастардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, олардың таланттары мен дағдыларын дамыту үшін көп мүмкіндік берді.

«Біздің мақсатымыз – әр жасөспірімнің өз әлеуетін аша алатын жағдай жасау. Біз демалыс орталықтарын жай ғана сабақ өтетін орын емес, әлеуметтік бастамалар мен тұлғалық даму алаңына айналдыруға тырысамыз. Жаңғыртудың арқасында тек ғимараттарымыз ғана емес, жастардың өмірі де өзгере бастады. Робототехника мен қазақ тілі курстары сияқты жаңа секциялар жасөспірімдерге өзекті бағыттарда дамуға мүмкіндік береді. Біз тәрбиеленушілеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз, олар тек халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп қана қоймай, құрдастары үшін үлгі бола алды», – деп атап өтті «RAI» БО жетекшісі Бекзат Аманов.

Айта кету керек, биылғы жылы ДО базасында 2000-нан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өтті. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Өз кезегінде, демалыс орталықтарының тәрбиеленушілері қалалық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Биылғы жылы 700-ден астам тәрбиеленуші түрлі жарыстарға қатысып, олардың 24-і АҚШ-та өткен робототехника бойынша халықаралық чемпионатта жүлделі үшінші орынды иеленді.

«Мен бір жылға жуық уақыт бойы “RAI” демалыс орталығындағы робототехника үйірмесіне қатысып келемін. Осы уақыт ішінде мен қарапайым құрылымдардан бастап күрделі модельдер жасауға дейін көп нәрсені үйрендім. Біздің командамыз АҚШ-та өткен халықаралық жарысқа қатысып, үшінші орын алды. Мен осы орталық арқылы сүйікті ісімнен бөлек, көптеген достар таптым. Ұстаздарымызға шыдамдылықтары мен көмектері үшін алғыс айтамын», – деп бөлісті «RAI» ДО тәрбиеленушісі.

Демалыс орталықтарын жаңғырту – жастардың дамуы мен жұмыспен қамтылуы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам. 2025 жылға қарай ДО жабдықтары мен инфрақұрылымын жаңартуды жалғастыру жоспарланып отыр, бұл қызмет көрсету сапасын арттыруға және орталықтардың тиімді жұмыс істеуі үшін жайлы жағдай жасауға ықпал етеді. Нәтижесінде,  орталықтар әр жасөспірім мен жастар үшін өзіне ұнайтын іспен айналысуына, таланттарын дамытуына және қоғам дамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін орынға айналып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласындағы 100 демалыс орталығының қызметі Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады.

Соңғы мақалалар

Оқуға