spot_img
-4.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарЖетісу облысында Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жол құрылысы келесі жылы басталады

Жетісу облысында Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жол құрылысы келесі жылы басталады

Жетісу облысының ең негізгі табиғи әрі туристік көрнекті жерлерінің бірі – Бұрханбұлақ сарқырамасына апаратын жолдың құрылысы келесі жылы басталады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

– Ескелді ауданы – туристік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Осы жылдың 10 айында туристерді қабылдайтын нысандарда 41 мың адамға қызмет көрсетіліп, соның ішінде ақылы қызмет көрсету көлемі 25 млн. теңгеге жетті. Осы ретте Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 31 км автожолды жөндеу жұмыстары келесі жылы басталатынын атап өту керек. Бұл мақсатқа 2025 жылы республикалық бюджеттен 3 млрд. теңге қаражат бөлінеді. Сондықтан туризмді дамыту үшін инфрақұрылымды жақсартып, жаңа қонақ үйлер, демалыс базаларын салып, жолдарды жөндеу қажет. Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы көрікті жерлерді кеңінен насихаттап, экотуризм мен агротуризм бағыттарын дамыту керек, – деп атап өтті өңір басшысы Б. Исабаев.

Еске салсақ, Жетісудың туризм саласы 5 дестинацияның әлеуетін тірек етеді. Олар – Алакөл мен Балқаш көлдері, «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктері, Жоңғар Алатауының таулы алабы.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Соңғы мақалалар

Оқуға