spot_img
6 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАңсаған арманға жеткен күн

Аңсаған арманға жеткен күн

1990 жылы 25 қазан күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Болашақ Тәуелсіздіктің іргетасы қаланды.

Қазақ елі жеке басқару жүйесі, белгіленген жеке жер көлемі мен оның тұтастығы, жеке көзқарасы, мемлекеттік бюджеті, валютасы, жеке рәміздері, халықаралық қатынастағы дербестігі, азаматтығы құқықтық тұрғыдан дәйектелді. Экономикалық бағыты белгіленді.

Тарихи құжат қабылданғаннан бергі 33 жылғы еліміздің өткен жолының дұрыстығының куәсі болып отырмыз. Қазақ елі әлемдік қауымдастықта ядролық қарудан бас тартқан тұңғыш мемлекет ретінде бейбіт өмірдің көшбасшысы. Дәстүрлі дін басшыларының елімізде тұрақты бас қосуы бейбітшіл саясатымызды әлемге паш етуде. Мемлекет аралық саяси қақтығыстарды шешетін алаңға айналып отыр.

Эл эконмикасы әлемдік дамыған елдермен тікелей байланыста болып даму үстінде. Ұларалық келісім, адамдардың бостандығы, құқығы заңмен қорғалуда.

25 қазан 1990 жыл қазақ елінің мыңжылдықтарда аңсаған, армандаған мақсатына жеткен күн. Барша аудан халқын осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз еңселі, тұғырымыз биік болсын!

Қанат АХМЕТОВ,

Нарынқол ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы,

Райымбек ауданы

Соңғы мақалалар

Оқуға