spot_img
1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАлматы жастары  "Таза Қазақстан" акциясын қолдады

Алматы жастары  “Таза Қазақстан” акциясын қолдады

Алматы қаласында “Таза Қазақстан” жалпыұлттық акциясы аясында өткен ауқымды сенбілікке қаламыздың 1500-ден астам жастары қатысты. Олардың қатарында қоғам белсенділері, студенттер және Алматыдағы барлық комьюнити орталықтардың резиденттері болды. Бұл іс-шара тек қаланы тазалаумен шектелмей, жастардың бірлігін көрсеткен маңызды шара болды.

Алматы жастары экологиялық бастамаларға белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғаудағы рөлін көрсетіп келеді. Сенбілік барысында олар қаланың саябақ аймақтарын жинастырып, жаңа ағаштар отырғызды. Бұл тек экологияны жақсартуға ғана емес, сонымен қатар болашақ үшін жастардың бірігуінің символына айналды.

«Біз қаламызды жасыл әрі таза ету үшін бірігіп жұмыс істегенде, тек қана ағаш отырғызып немесе тазалық  жұмыстарын жасамаймыз. Біз Алматы жастары нақты істерге дайын екенін көрсетеміз. Бұл — болашағымызға қосқан үлес. Әрқайсымыз қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауымыз керек»,деді өз сөзінде комьюнити орталықтарының резиденті Кемелбеков Мұхамеджан.

Әрбір қатысушы туған қалаға деген қамқорлық — бұл ортақ іс екенін көрсетті. Алматы жастары мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да қаланы тазартуға бағытталған шараларға қатысатындары туралы айтты.

Айта кетейік, Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында 18-24 қазан аралығында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қаланы көріктендіру мен көгалдандыруға бағытталған «Жарқын күз» акциясы өтіп жатыр.

#ТазаҚазақстан #Алматынашобщийдом #жарқынкүз

Соңғы мақалалар

Оқуға