spot_img
6 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпТоқаев Қазақстанда АЭС-ті кім салуы керек деген сұраққа жауап берді

Тоқаев Қазақстанда АЭС-ті кім салуы керек деген сұраққа жауап берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясын кім салуы керек деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы атом электр станциясына қатысты референдумда дауыс берді, одан кейін брифингте журналистердің сұрақтарына жауап берді.

“Құрметті журналистер, бүгін – еліміз үшін тарихи сәт. Халқымыз атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысып, дауыс берейін деп отыр. Бұл референдум – тікелей демократияның айқын көрінісі. Бүгін қабылданатын шешім мемлекеттің болашағына әсер етіп, ел тағдырына ықпал ететін түпкілікті байлам болмақ”, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумнан оң нәтиже күтетінін жеткізді.

“Нәтиже оң болады деп ойлаймын. Шын мәнінде бүгінгі референдум тағдыршешті маңызға ие, ал болашақта осындай демократиялық оқиғалардың саны артқан сайын, халқымыз үшін тек жақсылық болары сөзсіз. Себебі еліміз осындай маңызды мәселелерге өз даусын беру арқылы шешім қабылдап жатыр. Мен референдумды қолдаймын”, – деп атап өтті.

Сондай-ақ “АЭС-ті кім салады?” деген сұрақ та талқыланды. Президент бұл мәселеде үкіметке нақты талдау жасап, келіссөздер жүргізу керектігін айтты.

“Үкімет сараптама жасап, тиісті келіссөздер жүргізуі қажет. Менің жеке пікірім бойынша, Қазақстанда ең озық технологияларды қолданатын әлемдік деңгейдегі компанияларды біріктіретін халықаралық консалтингтік топ жұмыс істеуі керек”, – деді Тоқаев.

Соңғы мақалалар

Оқуға