spot_img
8 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарПолиция дүкен сатушысынан тыйым салынған 90-нан астам вейп тәркіледі

Полиция дүкен сатушысынан тыйым салынған 90-нан астам вейп тәркіледі

Түркістан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында тыйым салынған вейптерді заңсыз сату фактісін анықтады.
Нақтырақ айтсақ, полиция қызметкерлері Сайрам ауданы көшелерінің бірінде орналасқан дүкенде 31 жастағы сатушы тыйым салынған вейптерді еркін сататынын анықтады. Тәртіп сақшылары Сайрам ауданының тұрғынын ұстап, одан 92 дана вейп (бір реттік) тәркіледі.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 301-1-бап (Шылым шекпейтін темекі өнімдерінің, электронды тұтыну жүйелерінің (вейптар), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы) қосылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға