spot_img
14 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАлматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара...

Алматы облыстық мәдениет басқармасы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аясында 100-ге жуық шара ұйымдастырды

Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ көлемінде аталып өтуде.
Бұл туралы Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Алиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

Мерейтой шеңберінде ақынның туған жерінде «Болмысы бөлек Бердібек» атты салтанатты жиын өтеді. Жиынды Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов басқарып, жазушының қазақ әдебиетіне қосқан баға жетпес үлесін атап өтеді.

Данияр Алиевтің айтуынша, мерейтой аясында ақындар айтысы да өткізіледі. Алматы және Жетісу облыстарынан келген жас ақындар командалық айтысқа қатысып, өз өнерлерін паш етеді. Айтысқа Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтаев жетекшілік етеді, ал қазылар алқасын Жүрсін Ерман басқарады.

“Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығы – қазақ әдебиетінің ажырамас бөлігі және ұлттың рухани әлемінің бірегей көрінісі. Бұл мерейтой – қазақ мәдениетін әлемдік деңгейде дәріптеудің жарқын белгісі,” – деді Данияр Алиев.

Мерекелік іс-шаралар 21 қыркүйекте Сарыжаз ауылында жалғасып, ұлттық бәйге және спорттық ойындармен қорытындыланады.

Соңғы мақалалар

Оқуға