spot_img
4 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысында «Үздік жедел уәкіл» анықталды

Түркістан облысында «Үздік жедел уәкіл» анықталды

Түркістан облысы Полиция департаментінде үздік жедел уәкілдердің кәсіби-шеберлігін айқындайтын байқау ұйымдастырылды. Аталмыш конкурста облысқа қарасты 17 аудан, қаладан келген жүйрік жедел уәкілдер бақ сынап, 4 сайыстан тұратын сынақтан өтті.
Атап айтсақ, бірінші кезең спорттық деңгей (100м, 1000м жүгіру, турник немесе бруссия тартылу), екінші кезең атыс қаруынан нысанаға дәл тигізу, үшінші кезең кәсіби білім деңгейі (ҚР Заңдары бойынша тест) бойынша жарысқа түсті. Ал соңғы кезеңде жедел қызметтің жұмысын регламенттейтін заңдар, бұйрықтар бойынша сұрақтарға жауап берді.
Жоғарыда көрсетілген сынақтарды тапсыруда жедел қызметкерлердің, білімі мен дағдылары, олардың табандылығы, адалдығы, батылдығы мен қылмысқа қарсы күрестегі шұғыл тапқырлығына баса назар аударылды.
Комиссия шешімімен ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция капитаны Ермек Шәкім «Ең үздік жедел уәкіл» атанды. Ал ІІ-орынды Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Нұрдәулет Рустем, ІІІ-орынды Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны Нурмуханбет Тажібай иеленіп, жеңімпаз атынды.
Ендігі кезекте ПД-нің «Үздік жедел уәкіл» номинациясының жеңімпазы қазан айында өтетін Ішкі істер министірлігінің «Үздік жедел уәкілі» конкурсына қатысып, Түркістан облысы Полиция департаментінің намысын қорғайды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға