spot_img
20 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпАлматы облысында биыл 800 тұрғын үй қолданысқа беріледі

Алматы облысында биыл 800 тұрғын үй қолданысқа беріледі


Көптің көкейіндегі тұрғын-үйге қатысты сауалдарға Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық энергитика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Айдын Бегімбеков тарқатты.
Айдын Бегімбековтың сөзінше, облыста 40 мыңнан астам азамат үй кезегінде тұр. Олардың 4 мыңнан астамы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен 11 мыңы көп балалы аналарды құрайды. Былтыр атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша, 214 пәтер кілті табысталса, биыл 821 баспана беру жоспарланғанын атап өтті. Сонымен қатар, спикер өңірде баспаналы болуға «Бақытты отбасы», “7-20-25”, “5-10-20” бағдарламалар қарастырылғанын ескере кетті.
Баспасөз мәслихатында спикер тұрғын үй мәселелерінен бөлек, газдандыру,сумен қамту,энергетика салаларында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Спикердің айтуынша, өңірдегі басты мәселелердің бірі-газбен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда, газдандырудың өңірлік схемасы бойынша 284 елді мекен газдандыруға жатады.
«Биыл өңірді газдандыру пайызын 52,8% – ға дейін арттыру және 150 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қалған 134 елді мекен “Алматы облысын 2030 жылға дейін газдандырудың өңірлік схемасына” сәйкес көгілдір отынмен қамтылады»,-дейді Айдын Бегімбеков.
Ал, тұрғындарды ауыз сумен толық қамтамасыз ету мақсатында былтыр 44 жобаны және су бұру бойынша 15 жобаны іске асыруға 31,0 млрд теңге бөлінген. Сонымен қатар, «Әрбір елді мекенде таза ауыз су» ұлттық жобасы әзірленді, облыс бойынша 2023-2025 жылдарға арналған 90 жоба енгізілді. Жоба аясында 2 қала және 79 ауылды елді мекенде желілерді қайта жаңарту, сондай-ақ 6 ауылда жаңа құрылыс жоспарлануда. Нәтижесінде, жабдықтау желілерінің тозуы 47%-ға дейін төмендеп, ауылдық елді мекендер орталықтандырылған ауыз су жүйесімен 95% қамтылады деп атап өтті.

Соңғы мақалалар

Оқуға