spot_img
-4.1 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысында сот белгілеген шектеулерді сақтамаған 50 тұрғын анықталды

Түркістан облысында сот белгілеген шектеулерді сақтамаған 50 тұрғын анықталды

Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың нұсқауымен облыс көлемінде ағымдағы жылдың 29 шілде мен 3 тамыз аралығында «Есептегі элемент» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның 3-тәулігінде Ішкі істер органдарында есепте тұратын 2314 тұрғын тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Нәтижесінде 50 адамның сот органдары белгілеген шектеулерді бұзғаны анықталып, шара көрілді.
Мәселен әкімшілік қадағалау туралы заңнаманы бұзудың 12 жайты анықталып, хаттама толтырылды. Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандармен 12 құқық бұзушылық, мінез-құлқына белгіленген ерекше талаптарды бұзудың 10 жайты белгілі болды. Өз кезегінде полиция бұл бағыттағы шаралар жалғасатынын жеткізіп, сот белгілеген шектеулерге немқұрайлы қарамауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Соңғы мақалалар

Оқуға