spot_img
8 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарТалғар аудандық ауруханасында жағдаяттық-талдау орталығы ашылды

Талғар аудандық ауруханасында жағдаяттық-талдау орталығы ашылды

Талғар аудандық орталық ауруханасында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмат Тұрысбекұлының бастамасымен, сондай-ақ “A-Class Medical”ЖШС басқарушы компаниясының-“KazMed” ЖШС-нің қаржылай қолдауымен жағдаяттық-талдау орталығы ашылды.
Емханалық және стационарлық медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын жақсарту мақсатында Талғар аудандық орталық ауруханасында жағдаяттық-талдау орталығы құрылды. Онда мамандар денсаулық сақтау саласындағы барлық ақпаратты талдайтын болады. Орталық онлайн режимде медициналық қызмет көрсету жүйесінің жай-күйі туралы ақпарат берумен қатар, күрделі және сыни жағдайлар туралы хабарлайды. Осылайша амбулаториялық-емханалық көмек көрсету барысында туындаған проблемаларды жедел шешуге мүмкіндік береді.
Мамандардың пікірінше, бұл жоба дер кезінде белгілі бір маманға қабылдауды күту туралы ақпаратты, көмекке жүгінгендердің санын, олардың диагноздарын, түскен қоңырауларды орындау уақытын, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, патронажды бақылауға, онлайн-талдау жүргізу, жедел әрекет ету және кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Сарапшылар түскен барлық ақпаратты өңдеп, алынған мәліметтер негізінде аудандағы медициналық ұйымдардың рейтингін жасайды.
Орталық ауданда медициналық қызмет көрсету жүйесін бақылауға, қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы мақалалар

Оқуға