spot_img
14 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтар«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖЕТІСУДА АКЦИЯҒА АЛЫП КҮШ ИЕЛЕРІ АТСАЛЫСТЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖЕТІСУДА АКЦИЯҒА АЛЫП КҮШ ИЕЛЕРІ АТСАЛЫСТЫ

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы адамзатты табиғатты сақтауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейді. Аталған акцияға Жетісу тұрғындары белсенді атсалысты. Бүгінгі күнге дейін жалпыұлттық тазалық шарасына облыс бойынша 150 мыңға жуық адам қатысқан.

Бүгін өңірдегі табиғи және тарихи тұрғыда маңызды  орын болып табылатын Сарқан ауданындағы «Қойтас» саябағында кезекті тазалық шарасы өтті. «Қойтас» саябағының ерекшелігі – ауыл тұрғындардың айтуынша аңызға сәйкес, бұрын болған үлкен су тасқынының салдарынан қазір ол жерде тұрқы ерекше үлкен тастар орналасқан. Жергілікті тұрғындар оның ішіне жөндеу жұмыстарын жасап, тастардың арасын арнайы аллея етіп, жергілікті көрнекі орынға айналдырған.

Шара жергілікті өнерпаздардың құлақ құрышын қандырар әндерімен басталды. Ұлттық аспаптармен әуезді ән тербеткен топ тазалық акциясын мерекелік ауанға ауыстырды. Эко-акция аясында саябақ аумағын алып зіл тастардан босату жұмыстары да орын алды. Бұл шараға өңірдегі алып күш иелері атсалысты. Олардың қатарында өңірдегі танымал түйепалуандар да бар. Олар аумақты тастардан тазалап, акцияға үлес қосумен қатар, күш сынастырды. Сонымен қатар, өңірдегі «Ақбұлақ-Продукт» ЖШС тасада қалмады. Олар акцияға қатысушылардың барлығына төл өнім – ұлттық сусындарды ұсынып, республикалық акцияға өз үлестерін қосты.

Соңғы мақалалар

Оқуға