spot_img
20 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарНаурыз мерекесі салтанатпен атап өтілді

Наурыз мерекесі салтанатпен атап өтілді

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының тапсырмасы бойынша Наурызбай ауданында Алматы қаласының зейнеткерлеріне

«Соматикалық бұзылыстары бар зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарды қалпына келтіру үшін күндізгі күтім көрсету» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты Алматы қаласындағы зейнеткердің денсаулығын жақсартуға, белсенді өмір сүру дағдыларын үйретуге ұйытқы болу. Егде жастағы азаматтардың бір орталықта араласуына, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатуына қолдау көрсету болып табылады.

Осыған орай,  «Соматикалық бұзылыстары бар зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарды қалпына келтіру үшін күндізгі күтім көрсету» жобасына жүгінген жандарға арнап әз Наурыз мерекесіне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

Наурыз – жыл басы. Бұл ұлық мереке қазақтың салт-дәстүрін ұлықтаудың, қазақы құндылықтарды дәріптеп, ұлттық ойындар мен ұлттық ән-билерді насихаттаудың мүмкіндігі.

Біз де зейнеткерлерге арнап ұйымдастырылған меркелік шарада Наурыз мейрамының мәнін түсіндіріп, қатысушыларға ұлттық ойындарды ойнатып, ұлттық салт-дәстүрден көрініс қойдық. Ұлттық тағамдар қойылған мерекелік дастархан да зейнеткерлер көңілінен шықты.

Соңғы мақалалар

Оқуға