spot_img
22 C
Алматы
Басты бетБас тақырып"Ғалымдарға жағдай жасау керек деген құр сөз емес" - Президент

“Ғалымдарға жағдай жасау керек деген құр сөз емес” – Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарға қандай жағдай жасалатынын айтты, – деп хабарлайды ardager.kz тілшісі.

“Біз ғалымдарға жағдай жасау керек деп жиі айтамыз. Бұл құр сөз емес. Мемлекет тарапынан нақты жұмыс жасалып жатыр. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Бюджеттен 18 миллиард теңге бөлінеді.

Былтыр 284 жас ғалым баспана алды. Биыл менің тапсырмаммен оларға тағы 200 пәтер берілетін болды. Осындай нақты шаралар арқылы еліміздегі ғылымды және жалпы ғалымдар қауымын қолдау жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады”,-  деді Мемлекет басшысы.

Соңғы мақалалар

Оқуға