spot_img
11 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАқтөбедегі №7 арнайы (түзету) мектебіне 50 жыл!

Ақтөбедегі №7 арнайы (түзету) мектебіне 50 жыл!

Елімізде ерекше балаларға арналған білім ордалары тым сирек. Тек кейінгі жылдары арнайы қадағалаумен олардың саны арта бастады. Солардың бірі және бірегейі №7 арнайы (түзету) мектебі КММ. 50 жылдық тарихы бар білім ордасы осы жылдар ішінде ерекше балаларға барынша қолайлы жағдай туғызып, уақыт сұранысына сай бейімделіп келеді.

Кеше Ақтөбе қаласындағы №7 арнайы (түзету) Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 50 жылдық мерейтойына арналған арнайы шара өтті. Шараға Ақтөбе облысының білім басқармасы өкілдері, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының өкілдері және Ақтөбе Өрлеу кәсіби даму институты мамандары, Ақтобе облысының арнайы түзету мекеме басшылары мен ардагер ұстаздар, ата аналар қатысты.

Айтулы шара ардагерлер мен ұстаздардың, білім саласы өкілдерінің қатысуымен өтті. Жүздесудің бірінші бөлімі меймандарды құрметпен қарсы алумен басталды. Білім ғимаратында аға буын ардагерлер мен ұстаздар сағыныса қауышып, өткен жылдардың естеліктерін ортаға салды. Мерекелік шара барысында білім мекемесінің тарихы мен ұстаздардың өткен өмірінің естеліктерінен сыр шерткен бейнеролик көрермен назарына ұсынылды. Мерейтойдың салтанатты бөлімінде мектеп басшысы Дина Трумова құттықтау сөз сөйлеп, жиналғандарды мерейтоймен құттықтады.

Мерекелік іс шараға келген меймандар ізгі тілектерін білдіріп, ұстаздардың еңбектеріне жеміс тіледі. Мерекелік шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырылып, өз өнерлерін де көрсетті.

Атап өтер жайт, мектеп ұжымы ата аналармен тығыз байланыста жұмыс жасап, ерекше балалардың қоғамымыздан өз орнын табуы үшін әрқашан бірлесе әрекет жасайды.

Атап өтер жайт, ерекше білімді қажет ететін оқушыларға аталмыш мектепте барлық жағдай жасалған.

№7 арнайы (түзету) мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 307 ерекше оқуды қажет ететін балалар оқиды. Оның 120-сы үйде оқытылса, қалғаны мектепте білім алып қана қоймай, үш мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз етіліп, білім ордасына қатынау үшін тегін автобуспен де қамтамасыз етілген. Түске дейін балаларға негізгі пәндік сабақтар оқытылып, түстен соң ұзартылған күн тобында қабілеттерін арттырып, бейімдеу бағытында жұмыс жасайды. Балалардың күнұзақ уақыты тиімді ұйымдастырылып, үйірмелермен де қамтылған. Республикалық және облыстық деңгейде шығармашылық және спорттық жарыстарға қатысып жүлделі орындар да алып келеді.

Сондай-ақ мектеп озық тәжірибелі дефектолог, логопед ұстаздармен қатар психолог, психиатр мамандармен де қамтылған.

Шара соңында ұстаздардың еңбектері бағаланып, құрмет грамотасымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Соңғы мақалалар

Оқуға