spot_img
25 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарАлматыда NEET санатындағы жастардың үлесі азайды

Алматыда NEET санатындағы жастардың үлесі азайды

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы NEET-жастардың үлесін 2024 жылдың I тоқсанында 7,4% – дан (47,9 мың) 6,6% – ға дейін (43,9 мың) төмендетуге мүмкіндік берген жастарды әлеуметтендірудің жүйесін құрды.
Бүгінде Алматыда 14 пен 35 жас аралығындағы 682 мыңнан астам жас тұрады (тұрғындардың жалпы санының 32%).
Соңғы жылдары NEET-жастар мәселесі (not in Education, Employment, or Training) көптеген елдер үшін негізгі әлеуметтік-экономикалық міндеттердің біріне айналды. Жастардың бұл санаты бірқатар қиындықтарға тап болады, соның ішінде әлеуметтік оқшаулану, өзін-өзі төмендете бағалауы және шектеулі жұмыс мүмкіндіктері.
Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар бағдарламасы аясында Жол картасы бекітілді, онда жастарды әлеуметтендіру үшін жаңа кешенді тәсілдер қолданылады.
2023 жылдың ақпанында жұмыс берушілер мен жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіруге мүмкіндік беретін Қалалық мансап орталығы ашылды. Егер бұрын мансап орталықтары әр оқу орнында бөлек жұмыс істесе, қазір олар жұмыс берушілермен, еңбек мобильділігі орталығымен және басқа да құрылымдармен бір алаңда біріктіріліп, өзара жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Орталық барлығы 3 мың адамды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетті.
Сондай-ақ, Жастар саясаты басқармасы 1 ай бойы қаламыздағы 8 ауданында Мансап күндерінің сериясын өткізуге қолдау көрсетті.
Мансап күндерінің мақсаты – жастарды жұмысқа орналастыру және оқытуды тиімді үйлестіру. Дәстүр бойынша, іс-шарада қаланың 400 ірі компаниясынан 1,5 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылады.
Мәселен, 2023 жылы 10,8 мың жас оқытылып, жұмысқа орналастырылды. 2024 жылдың басынан бері 3,1 мың жас оқытылды.
Тағы бір жаңалық “Jobfair365” жұмысқа орналастыру және “SkillBrigde” оқыту қызметтері бар “Jasalmaty.kz” порталын құру. “Бұл қалай жұмыс істейді?” деген сұраққа Басқармада жұмыспен қамту платформасында ұсынылған әрбір бос жұмыс орны тиісті “Дағды” тегтерімен белгіленетінін түсіндірді. Мысалы, програмистер жұмысы бағдарламалауға және әзірлеуге байланысты тегтермен белгіленеді.Тегін курстарда олардың мазмұны мен құрылымына қарай тиісті тегтері бар.
Сайт қолданушылары жұмыс орындарын қараған кезде, олар осы салаға қатысты ұсынылған тегін курстарды бірден көре алады. Бұл оларға білімдерін кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар белгілі бір қызметте қажет инструменттер мен дағдыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай интеграция жұмыс іздеу мен оқу процесін едәуір жеңілдетеді.
Ақпараттық порталдың қазірдің өзінде 25 мыңға жуық бірегей пайдаланушылары бар. 5 мың жұмыс беруші тіркеліп, 5 мың бос жұмыс орны орналастырылды. Нәтижесінде 4 мың адам жұмысқа тұрды. «Jasalmaty.kz» мобилді қосымшасын App Store платформасынан жүктеуге болады. Google Play-де іске қосылу күтілуде.

NEET-жастарды әлеуметтендірудің маңызды жетістіктерінің бірі – жаңа инфрақұрылым құру. Бұл қаланың әр ауданында жастарға қолдау көрсетуге бағытталған комьюнити орталықтар. Мұнда жастарды қолдау үшін қажеттінің бәрі бір жерде жинақталған: бұл әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру, психологиялық және заңгерлік көмек, NEET жастарын қысқа мерзімді курстар арқылы өзекті мамандықтарға оқыту және жұмысқа орналастыру.
Комьюнити орталықтар жастарды қызығушылықтарына қарай біріктіре отырып, бойындағы күш жігері мен әлеуетін өзіне, тиісінше қоғамға пайдасын тигізуге бағыттайды. Айта кетейік, 2024 жылы тағы 4 комьюнити орталық ашу жоспарлануда.
Комьюнити орталықтардың резиденттері үшін көлікке, қоғамдық тамақтануға, спорттық және мәдени инфрақұрылымды пайдалануға, оқытуға және т. б. жеңілдіктер беретін “Activity Boom” клубтық карточкалық жүйесі енгізілді.
Сондай-ақ, комьюнити орталықтардың жұмысын цифрландыру жұмыстары “Jasalmaty.kz” ақпараттық порталында жүргізілуде.
Бұл инновациялар жастар мен жастар ұйымдарына ақпараттық портал арқылы комьюнити орталықтарда орындарды онлайн брондауға, сондай-ақ іс-шаралар кестесін көруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, пайдаланушылар жастар ұйымдарының қызметін бағалап, өз пікірлерін қалдыра алады.
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтендіру шараларының арқасында 2023 жылы 47 мыңға жуық жас (тұрақты – 40 мың, уақытша – 7 мың) жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылдың І тоқсанында 9 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылды (4,6 мың – тұрақты жұмыс орны, 4,4 мың – уақытша жұмыс орны).
Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2024 жылдың I тоқсанында 5,2% – дан 4,6% – ға дейін төмендеді.

Соңғы мақалалар

Оқуға