spot_img
22 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарҚылмыстың өтеуі - жаза!

Қылмыстың өтеуі – жаза!

Жаза дегеніміз – сот үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол осы адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық Кодексте көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бойынша, жаза белгілеу кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның мінез-құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Сондай-ақ, жазаның айыпты адамның түзелуіне және оның отбасы мен асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы да есепке алынады.

Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар қолданылады: айыппұл салу; белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру. Негізгі жазадан басқа мынадай қосымша жазалар бар: арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік марапаттарынан айыру; мүлкін тәркілеу т.б.

Осы орайда атап өтер жайт, кейбір жағдайларда қоғамда қылмыстың өршу сипатын ескере отырып, жаза қатаңдатылады. Әкімшілік шара қолдану кезінде де жазаның міндетті түрде қолданылуы міндет. Өйткені қылмыстың өтеуі жаза!

Утеубаев Канат Талгатбекович, Алматы қаласы Алмалы ауданының 2 аудандық сотының судьясы

Соңғы мақалалар

Оқуға