spot_img
20 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығына Жетісу облысының әр елдімекен тұрғындары атсалысуда.

«Мөлдір бұлақ» – өзен, көлдер маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп, жағажайларды қоқыстан тазартуға бағытталған экологиялық акциялардан тұрады. Жалпы облыс бойынша аталған күндері 20 мыңға жуық адамның қатысуымен, 50 экологиялық шара жоспарланған. Ауыл-аймақ өз аумағындағы өзендер маңына сенбілік жұмыстарын жүргізіп, бұлақ көздерін ашты. Қала аумағындағы арық жүйелерін тазартып, өзен суларының арнасы ашылды.

Бүгін Талдықорған қаласының аумағындағы Қаратал өзенінің жағалауы мен қалалық жағажай аумағы қоқыстан тазартылды. Экологиялық шараға 50 адам қатысып, 4 техника қажұмылдырылды.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алғаннан бері облыс тұрғындары, волонтерлер, жастар ұйымдары, медициналық және білім беру мекемелерінің қызметкерлері, сонымен қатар, өңір спортшылары мен өнерпаздары – жалпы  103 мыңнан астам адам атсалысып, 803 техника жұмылдырылды. Экологиялық акциялар нәтижесінде 4 875 тонна қоқыс шығарылды. Облыс аумағында жалпы 29 514 түп ағаш отырғызылды.

Соңғы мақалалар

Оқуға