Алматы облысында бүгін сағат 9.12-де жер сілкінісі тіркелді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 194 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 11.2. MPV магнитудасы — 5.7», — деп жазылған хабарламада.
Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында 2 балл болып сезілген.