spot_img
14 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарОқушылар «Өз ағашыңды өсір» акциясына белсенді қатысты

Оқушылар «Өз ағашыңды өсір» акциясына белсенді қатысты

 «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясымен тұспа-тұс келген облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің іссапары Жамбыл ауданында жалғасты.

Бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап шыққан өңір басшысы, Ұзынағаш ауылындағы № 1 мектеп-лицейіне келіп «Өз ағашыңды өсір» атты игі іс-шараға қатсып, мектеп оқушылары мен бірге ағаш отырғызды.

«Қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгін «Жасыл аймақ» бағыты бойынша мектеп оқушылары мен ұжымдарының бастамасымен өңірімізде «Өз ағашыңды өсір» атты тұқымнан ағашты отырғызу акциясы ұйымдастырылып отыр. Оған білім ордаларындағы 340 мыңнан астам оқушының қатысуы оның жалпы бұқаралық сипатын көрсетіп отыр. Осы арқылы біз Президентіміздің орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу бойынша тапсырмасын орындауға өз үлесімізді қосып отырмыз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Облыс әкімі бұл акцияның тәрбиелік мәні жоғары екенін атап өтті. 

оқушы
Фото: Алматы облысы әкімдігі

«Туып-өскен жерімізді, өз өлкемізді көгалдандыру, жасыл желекке орауға мүмкіндік береді. Осындай игі іс-шаралар біздің ауызбіршілігімізді айқындап, елдігімізді көрсетері анық. Ендеше барлық атсалысқан жерлестеріміз бен бүлдіршіндерімізге алғысымды білдіремін», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Соңғы мақалалар

Оқуға