spot_img
5 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпҚазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 595 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері — 89 901 теңге, базалық зейнетақы — 42 694 теңге», — делінген хабарламада.

Жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 926,5 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге — 291,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге — 635,1 миллиард теңге қарастырылғаны айтылды.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны — 2 миллион 364 мың адам.

Соңғы мақалалар

Оқуға