spot_img
1 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпҚазақстанда су тасқынынан 7 адам қаза тапты - ІІМ

Қазақстанда су тасқынынан 7 адам қаза тапты — ІІМ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев елімізде су тасқынынан 7 адам көз жұмғанын растады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Бірнеше өңірде қайғылы оқиға тіркелді. Мысалы, Атырау облысында 4 адам, Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Осы оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр», — деді Марат Қожаев Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Реклама

БАҚ өкілі Абай облысы Аягөз ауданындағы тракторда отырған 2 адам суға кеткенін атап өтті.

«Осы деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдарының нәтижесі бойынша шешім шығарылады», — деді министрдің орынбасары.

Журналист «Тасқын судың құрбаны 5 адам деп айта аламыз ба? Әлде бұл дерекке Аягөздегі 2 адам өлімін де қосамыз ба? » деп сұрағын нақтылады.

Марат Қожаев табиғи апаттан жалпы 7 адам қаза тапқанын жеткізді.

«Иә, Аягөздегі (2 адамның өлімін) қосу керек», — деді басшы.

Аяз Есен

Соңғы мақалалар

Оқуға