spot_img
14 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпСу тасқыны: 111 мыңнан аса қазақстандық эвакуацияланды

Су тасқыны: 111 мыңнан аса қазақстандық эвакуацияланды

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш елімізде су тасқынынан 111 мыңнан аса қазақстандық құтқарылғанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

“Су тасқыны басталғалы бері Азаматтық қорғаныс қызметі 111 194 адамды, оның ішінде 39 222 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналастыру пунктеріне 6 814 адам, оның ішінде 2 995 бала орналасқан. 11 950 адам өз үйлеріне оралды”, – деді Ерасыл Сайпаш ОКҚ-да өткен брифингте.

epifanovclinic.kz

РЕКЛАМА

Лечение суставов без операции в Алматы. Центр Епифанова

ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР БАР. ДӘРІГЕРМЕН КЕҢЕСІП АЛЫҢЫЗ

cordus.ru

РЕКЛАМА

Расслабление мышц спины, шеи и поясницы

Оның айтуынша, бүгінде 9 млн 500 мыңнан аса текше метр еріген қар суы сорып шығарылған. Сондай-ақ су тасқынына қарсы 2 млн 200 мың қапшық және 1 млн 200 тонна инертті материал төселген.

Бүгінде авариялық-құтқару жұмыстарына 33 334 адам, 4 мың 66 техника, оның ішінде 835 су сору құралы, 275 жүзу құралы, 11 әуе кемесі тартылған.

“Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула және 2035 саяжай су астында қалды. 3 503 тұрғын үй мен 2 мың 157 ауладан су бұрылды.

Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 төтенше жағдай әрекет етеді”, – деді ТЖМ өкілі.

Сөз соңында Ерасыл Сайпаш су тасқыны кезеңінде қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.

Соңғы мақалалар

Оқуға