spot_img
20 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпЖетісулық дәрігерлер өте ауыр жағдайда түскен екі баланың өмірін құтқарып қалды

Жетісулық дәрігерлер өте ауыр жағдайда түскен екі баланың өмірін құтқарып қалды

Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына 27 наурыз күні 3 жасар екі бала әртүрлі дене жарақатымен түскен. Бірі 4-қабаттан құлап, ауыр жарақат алса, екіншісі септикке түсіп кеткен. Мамандар шұғыл әрекет етіп, дер кезінде бірлесе көмек көрсеткеннің нәтижесінде екі баланы аман алып қалды.

  • 4-қабаттан құлаған баланың миы шайқалып, төменгі жақ сүйегі сынған. Сондай-ақ кеуде қуысы, іші жарақаттанған. Балаға қажетті көмек көрсетілгеннен кейін реанимация бөліміне жатқыздық. Қазіргі уақытта науқас хирургия бөлімінде толықтай ем қабылдап, үйіне шығарылды, – деді көпсалалы облыстық балалар ауруханасының директоры Қайрат Оспагалиев.
    Сонымен қатар аталған аурухананың бас дәрігері септикке құлаған баланы құтқару кезінде оның ес-түссіз күйде болғанын айтты.
    -Оқиға орнына дер кезінде жеткен төтенше жағдай қызметі мен жедел жәрдем қызметкерлері балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жүрек-өкпе реанимациясын сәтті өткізді. Бала септикте 10-15 минуттай болған. Ауруханада реаниматолог, травматолог, хирург және педиатр мамандардың тексеруінен өткеннен кейін бала реанимация бөлімінде ем қабылдады. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін хирургия бөліміне ауыстырылды. Бүгінгі күні бала қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды, – деді Қайрат Ешмұханбетұлы.
    Мамандардың айтуынша, Жетісу облысында соңғы үш айда 1371 бала облыстық балалар ауруханасына дене жарақатымен түскен. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны 1029-ды құрап отыр. Сондықтан дәрігерлер ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады. Өйткені көптеген келеңсіз жағдайлар ата-анасының қарауынсыз қалған кезде орын алады.

Соңғы мақалалар

Оқуға