Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Республика аумағының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Осыған байланысты түнде, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін.
9 сәуірде еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, 9-11 сәуірде шығыста, 11 сәуірде орталықта қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ, жел күшейеді, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жауады.
“Күндіз республиканың солтүстігінде ауа температурасы 0-8 градус жылы, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта 5-15 градус жылы, батыста және оңтүстікте 15-23 градус жылы болады”, – деп жазылған хабарламада.
Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі.