Экс-министр Қуандық Бишімбаев марқұм әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Маған қандай да бір сөз айту қиын. Мені кешіреді деп те ойламаймын. Бірақ кешірім сұрау — менің адами парызым. Бұл орны толмас қайғы екенін және оған менің қатысым барын білемін.
Екіншіден, мен кінәмді мойындамаймын деген сөзімді түсіндіре кетейін. Мен әдейі, аса қатыгездікпен өлтірді деген сөзбен келіспеймін», — дейді Бишімбаев.
Осы сәтте Салтанаттың анасы өзін ұстай алмай, ашуланып кетті.