spot_img
20 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарСу тасқынынан зардап шеккен өңірлерге ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК қабылдау пункті ашылды

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК қабылдау пункті ашылды

Гуманитарлық көмек келесі санаттарға бөлінеді:

– азық-түлік;

– ауыз су;

– дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы қажеттіліктер;

– киім (жылы киім, аяқ киім және т.б.);

– заттар (көрпе, ұйықтайтын қап, жастық және т.б.);

– тұрмыстық заттар (шатырлар, термостар, шамдар, қуаттағыштар, шәйнектер, балалар ыдыстары, қажеттіліктері және т.б.);

– гигиеналық құралдар (жөргектер, әйелдер гигиенасы құралдары, сабын, тіс пастасы, сусабындар, майлықтар, дәретхана қағазы, тазартқыш заттар және т.б.).

Гуманитарлық көмек төмендегі мекенжай бойынша қабылданады.

Байтұрсынов көш., 22/1

Қабылдау уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін

Барлық ниет білдірушілер Алмалы ауданының комьюнити орталығына хабарласып, қажетті заттарды тапсыра алады!

Байланыс номері: +7 747 821 64 78; 7 747 540 01 40

Соңғы мақалалар

Оқуға