spot_img
14 C
Алматы
Басты бетБас тақырып"Малымыз да су ішінде қалқып жүр". Абай облысында тағы бір көпір опырылды

“Малымыз да су ішінде қалқып жүр”. Абай облысында тағы бір көпір опырылды

Абай облысы Ақсуат ауданында Боғас өзенінің деңгейі көтерілуіне байланысты Кіндікті ауылына апаратын көпірдің жол төсемі опырылып, айналма жолдың барлығын су басты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кіндікті ауылында 662 тұрғын, 147 үй бар. Ауыл тұрғындарына қажет тұрмыстық заттар мен дәрі-дәрмектер жеткізіліп жатыр. 

жуық көлік тоқтатылды.

“Кіндіктінінің Боғас өзенінен өтетін үлкен көпірін құлатып кетіпті. Өзі әрең тұрған болатын. Күні бойы кезекшілікте 2 адам ғана жүріп, су жақындай түскенде бірақ қимылдаған ТЖ қызметкерлер енді қимылдап жатыр. Кіндіктіге жол жоқ. Қызылкесік бұрылысын да су алып кетіпті. Жігіттер кете алмай қайтып келді. Аягөз, Тарбағатай, Ақжар бағыттарына баратын жолдың барлығын дерлік су басып жатыр. Мына жақтан Жәнтікейдің көпірі де опырылып кетті. Ескі ауыл маңы су астында қалды. Жайылымдағы малымыз су ішінде қалқып жүр. Судың бағыты Сәтбайға қарай кетіп жатыр. Ақсуат судың алабында қалып отыр. Бұрын болған су тасқыны қайта қайталанбаса игі еді”, – деді ауыл тұрғыны Айдын Жақсыбаев.

Жергілікті атқарушы органдар су қайтқаннан кейін тасжолға инертті материал толтыру жұмыстары қолға алынатынын жеткізді.

“Ақсуат – Кіндікті тасжолындағы 4 метрлік көпір құрылысын су шайып кетті. Су тасқыны жағдайын бақылап, жедел ден қою мақсатында Ақсуат ауданына Төтенше жағдай департаментінің жеке құрамының 21 адамы, 3 техникасы, 2 қайық және 4 мотор сорғысы жұмылдырылып жатыр”, – деді Ақсуат аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Р.Сайлаубаев.

Еске салайық, бұған дейін де Абай облысында еріген қар суынан көпір опырылып кеткені хабарланды.

Жадыра Мұратбекова

Соңғы мақалалар

Оқуға