spot_img
14 C
Алматы
Басты бетӘлеуметАлматыда жедел жәрдем қызметкерлері үйілген қоқыс арасынан бала тауып алды

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері үйілген қоқыс арасынан бала тауып алды

Алматыда жедел жәрдем бригадасы үйілген қоқыс арасынан жалғыз жүрген баланы тауып алды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Elitar.kz-ке сілтеме жасап.

“Алматы облысының жедел жәрдем қызметкерлері (дәрігер Молдашева А.К. фельдшер Каленов Б.М. жүргізуші Нарботанов А.С.) түнгі 22:00 шамасында қоқыс маңында жалғыз жүрген 2-3 жасар баланы байқаған. Қатты суықта тоңып жылаған бүлдіршінді дәрігердер дереу жылы киіндіріп, көлікке отырғызды”, – делінген жазбада.

Кейін бірден полиция шақырғаны айтылған. Сөйтіп, бүлдіршін анасына табысталған. Ол баласын көше кезіп іздеп жүргені белгілі болды. Баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Соңғы мақалалар

Оқуға