Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Әз-Наурыздың бастауы — Амал күні құтты болсын! Бұл — халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!» — деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.