spot_img
14 C
Алматы
Басты бетЖаңалықтарҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес:
 жекеше мекеме;
 қоғамдық бірлестік;
 коммерциялық емес акционерлік қоғам;
 қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар;
 заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар;
 шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi)
үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздерi және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын ҮЕҰ дерекқордың интернет-порталы http://infonpo.gov.kz арқылы 31 наурызға дейін ұсыну қажет. Мәліметтер ҮЕҰ-мен өз қызмету туралы мәліметтерді беру қағидаларына сәйкес міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
Басқа да сұрақтар бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің сайтынан (https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/press/article/details/5994?lang=kk ) білуге болады.

Соңғы мақалалар

Оқуға