spot_img
8 C
Алматы
Басты бетБас тақырыпБишімбаев ісі: Астанада алдын-ала сот тыңдауы басталғалы жатыр (сурет-видео)

Бишімбаев ісі: Астанада алдын-ала сот тыңдауы басталғалы жатыр (сурет-видео)

Бүгін Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты алғашқы сот отырысы өтеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Процесс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Ғимаратта журналистер көп жиналған.

Сонымен қатар, қос тараптың өкілдері сот отырысына қатысу үшін келіп жатыр.

Олардың арасында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мен Қуандық Бишімбаевтың анасы бар.

Айта кетейік, экс-министрге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.

Еске салайық, былтыр 9 қарашада Қуандық Бишімбаев ұсталғаны хабарланды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.

Ал 11 қарашада бұрынғы министр қамауға алынды.

Соңғы мақалалар

Оқуға